Мынадай да болады екен. Аяқ астынан банктік карточкаңызға танымайтын нөмірден ақша келіп түседі. Артынша әлгі нөмірдің иесі хабарласып, шатасып түсіп кеткен ақшасын қайтаруды сұрайды. Сендіретіндей себеп айтып, қаржыны басқа бір нөмірге аударып жіберуді өтінеді. Өлердегі сөзін айтып, қиылып тұрған бейтаныстың өтінішін аяқ асты еткіңіз келмей айтқанын орындайсыз. Осылайша, көдедей көп сауда желілерінің бірінен алынатын затқа алдын ала төлем жасағаныңызды білмей де қаласыз. Қысқасы затты алатын біреу, ал қалған жүздеген мың теңгені төлейтін сіз боласыз. Бұл – алаяқтардың кезекті айласы. Дамыған технология деп жүргеніміздің осындай түйткілді тұстары да бар енді. (Далее…)
Ответить
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.